“Қайрат” пен “Реал Мадрид” ойынының билеттері сатылымға қашан шығады?

«Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы ойынға билеттер 10 күн қалғанда сатылымға шығады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Билеттерді сату құқығы тікелей «Қайратқа» тиесілі, себебі негізгі тарап – клубтың өзі. Бүгінгі күні бізде бар ақпарат бойынша, сатылымның басталуы матчқа 10 күн қалғанда жоспарланған. Яғни егер ойын 30-ында өтсе, шамамен 20-сы күні билеттер сатыла бастайды, – деді Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев.

Билеттердің бағасына қатысты әзірге нақты шешім қабылданбаған. Баға саясатын «Қайрат» клубы сұранысқа сәйкес белгілейтін болады. Менің ойымша, 20-сына қарай нақты баға мен билеттердің санын білеміз, –деді вице-министр. Еске салайық, “Қайрат” пен “Реал Мадрид” ойыны 30 қыркүйекте Орталық стадионда өтеді. Ал билет бағасы қанша болатыны туралы министрдің өзі жауап берген еді.