Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

70 млрд теңге ісі: Алматыда микрокредиттік алаяқтыққа қатысты тергеу аяқталды

Алматыда 327 мыңнан астам азамат зардап шеккен, залал көлемі шамамен 70 млрд теңгені құраған қылмыстық істің тергеуі аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді.

Алматыда ірі іс орын алғаны белгілі. Біз оны сотқа жібердік. Бұл жерде Литва азаматтарына қатысты іс қаралды. 327 мыңнан астам азаматқа шығын келтіріліп, заңсыз жолмен шамамен 70 миллиард теңге алынған. Тергеу аяқталып, іс сотқа жолданды, – деп атап өтті Жеңіс Елемесов Сенаттың кулуарында берген сұхбатында.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда құрылыс саласындағы тендерлік картель ісі ашылғаны белгілі болды. Тергеу мәліметінше, жасалған заңсыз мәмілелердің нәтижесінде шамамен 70 миллиард теңгенің мемлекеттік келісімшарттары рәсімделген.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан: «дипломмен ауылға» бағдарламасымен 13 мыңнан астам жас маман жұмыс тапқан

admin

500-ден аса отандық кәсіпорын 410 колледжге қолдау көрсетеді

admin

Жолаушылар екі күн автобуспен тегін жүреді

admin