Ішкі істер саласының ардагерлері ұлықталған күн

Ішкі істер органдарында қызмет атқарып, зейнеткерлікке шығу – полиция қызметкерінің көп жылғы қызметінің абыройлы нәтижесі. Осы ретте Арыс аудандық полиция бөлімі басшылығының ұйымдастыруымен ардагер полицейлердің бас қосу отырысы өтті.

Іс-шарада 25 жылға жуық уақытын осы саланың ыстығы мен суығына арнап, зейнеткерлік жасқа жеткен Төретай Лесұлы мен Әбдуғани Ибраевқа Арыс аудандық полиция бөлімінің бастығы Б.Қуатовтың «Алғыс хаты» мен бағалы сыйлықтары табысталды. Одан бөлек 13 ардагер полицей «Алғыс хатпен» марапатталды. Ал 10 ардагерге республикалық «Ел құрметі» қоғамдық қорынан «Ерен еңбек иесі», «Ардақты ардагер» атты төсбелгілері тағылды.

Зейнеткерлік демалысқа шықса да, қоғамдық іс-шаралардан шет қалмай, еліміз бен халқымыздың жарқын болашағы жолында білгендерімен бөлісіп, жастарға үлгі-өнеге болып жүрген қарттарымыз аман болсын!

ПІКІР ЖАЗУ