Халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы Шымкентте ұсталды
Халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы Шымкентте ұсталды
Қалалық полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Мигрант» және «Іздестіру» жедел-профилактикалық іс-шаралары барысында Өзбекстан Республикасында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған азаматты анықтап, құрықтады. 30 жасар деструктивті діни ағымның жақтаушысы бұдан алдын көрші елдің полицейлерімен халықаралық іздестіруге жарияланған болатын.
Ұсталған азамат жеке басын куәландыратын құжаттарын жоғалтып, жергілікті тұрғынның үйінде жалданып жұмыс істегені белгілі болды.
Қазіргі таңда полиция қызметкерлері оның құжаттарын қалпына келтіріп, Өзбекстанға экстрадициялау бойынша шаралар қабылдауда.