Футболдан облыстық турнирде жүлделі орын алған дін сала қызметкерлерін қабылдады

Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, футболдан облыстық турнирде жүлделі орын алған дін сала қызметкерлерін қабылдады. Созақ ауданы мешіттерінен құралған команда Төлеби ауданының 90 жылдық мерейтойына орай, Түркістан облысына қарасты имамдар мен мешіт қызметкерлері арасында кіші футболдан облыстық турнирге қатысты. Достық кездесуге облысқа қарасты 17 қала, ауданнан дін сала қызметкерлерінен құралған командалар бақ сынады. Аталған турнирде Созақтық дін сала қызметкерлері жүлделі екінші орынды алды. Оларды қабылдаған аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, жылы лебізін білдірді.
-Елге имандылықпен қатар, спортты насихаттап, жастарға үлгі болып келесіздер. Сіздерді көпшілік басқа қырларыңыздан көріп келеді. Бұл қуантарлық жағдай,- деді аудан басшысы Мұхит Тұрысбеков.
«Шолаққорған» орталық мешітінің бас имамы Мейрамбек Әбдіқұлов, спорттық жетістікті бағалаған аудан басшысына ризашылығын білдірді.

ПІКІР ЖАЗУ