Ертең мектеп оқушылары сабақты онлайн оқиды

Семейде 24 қыркүйек күні мектеп оқушылары су құбырларына жүргізілетін дезинфекция жұмыстарына байланысты бір күн қашықтан оқиды. Сабақтар онлайн платформалар арқылы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Білім басқармасының мәліметінше, бұл шешім қалалық су құбырларында жүргізілетін дезинфекциялық жұмыстарға байланысты қабылданған.

Сол күні барлық мектептегі таңғы және кешкі ауысымдағы сабақтар онлайн форматқа көшіріледі. Оқушыларға қашықтан оқу үшін арнайы онлайн-платформалар қолданылады. Басқарма өкілдері 25 қыркүйектен бастап сабақтар әдеттегі тәртіппен жалғасатынын атап өтті.