Ерекше зәрулігі бар жандар аудан әкімінің қабылдауында болды
Бүгін «Аmanat» париясының аудандық филиалының ғимаратында аудан әкімі Нұрлан Байғұт ерекше зәрулігі бар жандармен кездесіп, көкейлерінде жүрген мәселелерге құлақ асты.
Басқосуда жұмысқа орналастыру, интернет, жол, ауыз су мен ағын су, көше жарығы, аялдама орнату, газ құбырын тарту, қоғамдық жұмыстың мерзімін ұлғайту, тыл ардагерінің мәртебесін арттыру және тұрғын үйдің жер төлесіне қатысты мәселелер көтерілді.
Нұрлан Мархабатұлы жауапты мамандармен бірге көтерілген әр мәселеге Заң талаптарына сай жауап беріп, барлық ұсыныс-өтініштер назарға алынып, жұмыс жоспарына еңгізіліп, орындалуы қатаң бақылауда болатындығын атап өтті. Демеушілер есебінен іске асырылатын тұстарын жауапты орынбасарына жүктеп, тиісті шаралар атқаруды тапсырды.
Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі