ЕЛІМІЗДІҢ ҮЗДІК ЖАС ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚШЫЛАРЫ ТҮЛКІБАС ТӨРІНДЕ БАС ҚОСТЫ

 

Бүгін Түлкібас ауданында «Балалар жылына» орай «Түркістан облысының тоғызқұмалақ Федерациясы» кубогіне арналған тоғызқұмалақтың рапид түрінен жасөспірімдер арасындағы ашық облыстық турнирінің ашылу салтанаты өтті.
Ашық біріншілікке көршілес Қырғыз елінің үш облысымен қатар, еліміздің Шымкент қаласы мен 6 облысынан және өңіріміздің 11 ауданынан 200-ден астам спортшы қатысуда.
Спорттық шараның ашылу салтанатына арнайы қатысқан Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдығараев, Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт және Түркістан облысы «Тоғызқұмалақ федерациясы» қоғамдық бірлестігінің президенті Нұрғали Мылтықбаев алғы сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.
Кемербастау ауылдық округіне қарасты Асанбай Асқаров мектебінде өтіп жатқан жарыс жалпы екі күнге созылады. Турнир нәтижиесімен үздік атанған спортшылар еліміздің ұлттық құрама сапына ілінбек.
Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ