Еліміздің қай өңірлері жол шағымдары бойынша көш бастап тұр?

Өткен аптада «ҚазАвтоЖол» байланыс орталығы автомобиль жолдарының жағдайы, ақылы учаскелер үшін төлем, бұзылған көліктерді сүйреп апару және өзге де мәселелер бойынша жүргізушілерден шамамен 12 мың өтініш өңдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Орталықтың мәліметінше, шағымдардың ең көп бөлігі Ақмола, Жамбыл және Түркістан облыстарынан түскен. Барлық өтініштер регламентте белгіленген мерзімдер ішінде жедел қаралды.

Азаматтардың ыңғайлылығы үшін байланыс орталығы интерактивті дауыс мәзірін (IVR) қолданады. Соның арқасында 1,2 мыңнан астам өтініш автоматты түрде өңделген. Операторлар 9,5 мың қоңырауға жауап берсе, тағы 858 өтініш мессенджерлер арқылы түскен.

1403 байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істей отырып, жүргізушілерді жолдардың жағдайы мен ақылы учаскелер туралы өзекті ақпаратпен қамтамасыз етуді жалғастыруда.