Елімізде ақша айырбастау пункттерінде бір доллар 474 теңгеден сатылуда

Кurs.kz сайтының дерегінше, Алматыдағы ақша айырбастау орындарында бір доллар 469-474 теңгеден сатылуда. Сондай-ақ, бір долларды сатып алғысы келгендер 468-469 теңгеден төлеп жатыр. Елордада бір АҚШ валютасы 470-474 теңгеден сатылып жатыр. Сонымен қатар, астаналықтар долларды 465-468 теңгеден сатып алуда. Ал Шымкенте бірқатар ақша айырбастау орындары доллар сатуды тоқтатты. Еске сала кетсек, бұған дейін елімізде АҚШ валютасы күрт қымбаттап, бір доллар бағамы 460 теңгеге дейін өскен еді.

ПІКІР ЖАЗУ