Елбасы «Керуен-Сарай» көпфункциялы туристік кешеніне барды
Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Алтын Самұрық» ұшатын театрына барып, театрландырылған судағы шоуды тамашалады.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың келуіне орай «Қыз қуу» театрландырылған көрінісі көрсетілді.
Анықтама үшін:
Кешен «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорығының аумағында орналасқан. Жалпы ауданы 117,6 мың шаршы метр.
«Керуен-Сарай» кешенінде «Жібек жолы» дәуірінен сыр шертетін саудагерлер мен қолөнершілер көшесі, «Ұшатын театр», ат ойындарын өткізетін амфитеатр, шығыс базары, сауда сөрелері мен бутиктер, қонақүйлер мен мейрамханалар, SPA және фитнес орталық, отбасылық ойын-сауық орталығы бар. Олардың бәрі бір-бірімен су арналары арқылы жалғасып жатыр.