Егеуқұйрықтар бір қаланы басып алды

Ұлыбританияның Бирмингем қаласында егеуқұйрықтар көбейіп, тұрғындарды әбігерге салып жатыр.
Бұған көшелерде жиналған қоқыстар себеп болған. Қоқыс тазалаушылар мен жүргізушілер қаңтар айынан бері ереуілге шығып, жалақыны көтеруді және жұмыс орындарын қысқартпауды талап етуде.
Ал қала тұрғындары болса, егеуқұйрықтардың мысықтай үлкейгенін айтып дабыл қақты. Кейбіреулер оларды “Писклявые козырьки” деп атап кеткен. Бұл атау “Острые козырьки” сериалына сілтеме жасайды, себебі аталған сериал дәл осы Бирмингемдегі қылмыстық өмірді сипаттайды. Үлкен кеміргіштер көшеде жатқан қоқыс пакеттерін жыртып, ішіндегі қалдықтарды шашып жүр.
Қала қоқысқа толып тұр, олар үшін бұл нағыз дастархан сияқты. Күндіз көп байқалмайды, бірақ түнде көшелерде толып жүреді, – дейді тұрғындардың бірі. Қазір егеуқұйрықтар үйлерге, бақшаларға, көліктерге және сарайларға кіріп кетуде. Тұрғындар жағымсыз иіске және егеуқұйрықтардың қалдырған нәжістеріне шағымданып отыр.