Доллар қымбаттап жатыр: Қазақстанда жалақы өсе ме
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мәжіліс отырысында доллардың қымбаттауына байланысты елімізде жалақы өсе ме деген сауалға жауап берді. Серік Шапкенов тұрғындардың табысын арттыру бойынша мемлекет басшысының тапсырмасы болғанын атап өтті. “Министрлік қазір барлық әкімдіктермен және кәсіпорындармен жұмыс істеуде. Біз кімнің жалақысы орташадан төмен екенін талдаймыз. Орташа жалақы елімізде 157 мың теңгені құрайды. Біз жұмыс берушілермен өздерінің қызметкерлерінің жалақысын көтеру бойынша жұмыс жүргіземіз. Олар қызметкерлерін түсініп, қолдауы тиіс. Бұл жұмыс жалғасады”, – деді министр. Шәпкенов доллар бағамының өсіп жатқанын айта келе, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп “экономиканың қандай сценариймен жүретінін” бақылайтынын хабарлады.