ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЕҢ БИІК ЕКІ ҒИМАРАТТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістанда дарынды балаларға арналған мектеп-интернат салынып жатыр. Нысан әкімшілік-іскерлік орталықта орналасқан. Білім ұясында өңірдің барлық ауыл-аймағынан жиналған үздік оқушылар мен аса білімді балалар тәлім алады. Құрылыс барысымен танысуға келген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қауіпсіздікті сақтауды басты талап етті. Жұмыстың сапасының ұдайы қатаң бақылауда болатынын айтты.
Қасбетінің жобасымен танысып, жауаптыларға тапсырмалар берді.
— Мемлекетті дамытудың басты жолдарының бірі — адами капиталды арттыру. Бұл ретте сапалы білім беретін ордалардың маңызы айрықша. Түркістан шын мәнінде рухани орталыққа айналуы үшін білімді, мәдениетті жастар шоғырын тәрбиелеген жөн. «Дарын» мектеп-интернатына осындай міндет жүктеліп отыр. Сондықтан білім ошақтары барлық талапқа сай салынуы керек, — деді Д. Сатыбалды.
Өткен жылы басталған құрылыс жұмыстары келер жылы аяқталмақ. Жұмыс барысында ең сапалы деген құрылыс материалдары пайдаланылуда. 200-ден астам құрылысшы жұмылдырылған. Келер жылдан бастап «Дарын» мектеп-интернатында 500 оқушы білім алады. Білім ұясының жанында 700 балаға арналған жатақхана құрылысы қатар жүріп жатыр. Ғимараттың жалпы аумағы 30 мың шаршы метрден асады. 5 га астам жерде орналасқан. Нысанның құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Оқу корпусында ішкі әрлеу, ішкі инженерлік желілерін жүргізіліп, шатыры жабылуда. Сыртқы инженерлік жүйелері жүргізілген.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды көпқабатты тұрғын үйлердің және әкімшілік ғимараты бар 20 қабатты екі тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында болды. Өзекті мәселелерді пысықтады. Заманауи кешеннің құрылысы шетел мамандарының атсалысуымен жүзеге асуда. Бизнес орталықтары бар биік ғимарат келер жылы пайдалануға берілмек. Құрылысқа 100-ден астам адам тартылған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
________
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ОЗНАКОМИЛСЯ С ХОДОМ СТРОИТЕЛЬСТВА ДВУХ САМЫХ ВЫСОТНЫХ ЗДАНИЙ В ТУРКЕСТАНЕ
В Туркестане строится школа-интернат для одаренных детей. Она расположится в АДЦ (Административно – деловой центр) города. Здесь будут обучатся лучшие школьники из всех районов региона. Аким Туркестанской области Дархан Сатыбалды, ознакомившись на месте с ходом строительства, особо отметил соблюдения безопасности: качество работ будет находиться под постоянным строгим контролем. Глава региона ознакомился с проектом фасада, дал поручения ответственным лицам.
— Один из главных путей развития государства – увеличение человеческого капитала. Особое значение при этом имеют образовательные учреждения. Чтобы Туркестан стал по-настоящему духовным центром, необходимо воспитать образованную, культурную молодежь. Такая задача стоит перед школой-интернатом «Дарын». Школы должны быть построены в соответствии со всеми требованиями, — сказал Д. Сатыбалды.
Строительные работы, начатые в прошлом году, будут завершены в следующем. При строительстве используются самые качественные стройматериалы. В работах задействовано более 200 строителей. Со следующего года в школе-интернате «Дарын» начнут обучение 500 учащихся. Рядом с ней идет строительство общежития на 700 детей. Общая площадь здания – более 30 тысяч квадратных метров. Расположен объект более 5 га. Строительные работы объекта ведутся согласно производственному графику. В учебном корпусе ведется внутренняя отделка, внутренние инженерные сети, кровля. Проведены наружные инженерные системы.
Также Дархан Сатыбалды посетил стройплощадку многоэтажных жилых домов и двух 20-этажных жилых комплексов с административными зданиями. Строительство ведется при участии зарубежных специалистов. Высотное здание с бизнес-центрами планируется сдать в эксплуатацию в следующем году. В строительстве задействовано более 100 человек.
Пресс-служба акима Туркестанской области

ПІКІР ЖАЗУ