Буллинг, лудоманияның алдын алуға арналған семинар өтті

Жетісай аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен Жетісай қаласындағы №1 М.Горький атындағы мектеп гимназиясында құқықбұзушылықтың алдын алуға арналған семинар өтті. Шараға аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, әкімдік жанынан құрылған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық топ мүшелері, прокуратура қызметкерлері қатысты.

Жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша, буллинг-кибербуллинг, лудомания, интернет-алаяқтық, спирттік ішімдік пен есірткі заттардың зияндығын насихаттауға арналған шара ауқымды болды. Тәртіп сақшылары мен ведомствоаралық топ бірлестігі оқушыларды мұндай зиянды әдеттерге жоламауға, зиянды іс-әрекеттерден аулақ болуға шақырды.

Сондай-ақ мектеп оқушылары айтылған тақырыптарды зер салып тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Топ мүшелері қойылған сұрақтарға қанағаттанарлық жауап берді. Шара барысында тақырыптық бейнероликтер көрсетілді және оқушыларға арнайы дайындалған жаднамалар мен үнпарақшалар таратылды.

ПІКІР ЖАЗУ