Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Полиция оқушыларға дәріс берді

Түркістан облысы полиция департаменті Жетісай аудандық полиция бөлімінің психологы Дина Аубакирова Жетісай қаласындағы №1 М.Горький атындағы мектеп гимназиясында жаңадан ашылған полиция сыныбына барып, жас сақшыларға дәріс берді.

Сабақ барысында жоғары сынып оқушыларына құқық бұзушылық, буллинг, лудоманияның алдын алу жайлы ақпараттар айтты. Сондай-ақ жолда жүру ережелері мен кәмелет жасқа толмағандардың түнгі сағат 22:00-ден кейін көшеде жүруге болмайтындығы жайлы нақты түсіндіріп өтті .

Дәрісте оқушылар арасында қазіргі кезде белең алған электромотоцикл, электровелосипед, скутерді басқаруға болмайтындығы, егер абай болмаған жағдайда оның салдары неге алып келетіндігін мысал арқылы көрсете отырып, түсіндірді.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан: Сайрамдық 32 отбасы баспаналы болды

admin

ШЫМКЕНТ: «Shanyraq» орталығында кондитерлік мастер класс өткізілді

admin

Жалақы, зейнетақы және жәрдемақы өсті

admin