Бишімбаевқа тағы шағым түсті

 Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді сотталған Қуандық Бишімбаевқа қарсы тағы талап-арыз берді. Сайттағы ақпаратқа сәйкес, іс  17 наурызда судьяға түскен. Талапкер ретінде Айтбек Амангелді, ал жауапкер ретінде Қуандық Бишімбаев көрсетілген.

Еске салсақ, 2023 жылғы 9 қарашада Астана қаласындағы мейрамханалардың бірінде Салтанат Нүкенова ауыр дене жарақаттарының салдарынан көз жұмған еді. Ол – бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың азаматтық жұбайы болған.

2024 жылдың мамыр айының ортасында Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованы азаптап өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесіліп, ең жоғары қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеуге жіберілген.

ПІКІР ЖАЗУ