“Біреулерге хобби, ал біреулерге күнкөріс жолы”. Аймағамбетов өзекті мәселе көтерді

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов саяжай иелерін мазалайтын сұрақтарды көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстанда жүздеген мың адам жылдар бойы өз саяжайында көкөніс пен жеміс-жидек өсіріп келеді. Олар тек өз отбасын ғана емес, жергілікті базарларды да табиғи өніммен қамтамасыз етіп отыр. Біреулер үшін бұл – жай хобби. Басқалар үшін – күнкөрістің жолы. Ал кейбіреулерге – табыс көзі әрі өмір салтының бір бөлігі, – дейді депутат.

Саяжай иелерінің негізгі мәселелері

Көптеген саяжай алқаптарында инфрақұрылым нашар дамыған:

– тұрақты суару жүйесі жоқ,

– жолдар тозған,

– қоқыс уақтылы шығарылмайды.

Жергілікті әкімдіктер бұл мәселелерді шеше алмай отыр, себебі заңда олардың нақты өкілеттігі мен жауапкершілігі көрсетілмеген. Бақша серіктестіктерінің құқықтық мәртебесі заңмен нақты айқындалмаған. Кооперативтердің жұмысы ашық жүргізілмейді, құқықтары мен міндеттері түсініксіз, – деп жазды депутат әлеуметтік желідегі парақшасында.

Азаматтардан жиі түсетін сұрақтар:

– Саяжай учаскелеріне салынатын салық мөлшері тым жоғары,

– Су мен электр энергиясының тарифтері қымбат,

– Ірі шаруашылықтарға арналған субсидиялар мен жеңілдіктер саяжайшыларға қолжетімсіз,

– Жазда саяжайларда тұратын зейнеткерлерге жедел жәрдем қызметі сирек жетеді.

Аймағамбетов біп топ депутат “Бақша серіктестіктеріне қолдау көрсету туралы” заң жобасын әзірлеген.

Мақсат – саяжай шаруашылығын шағын ауыл шаруашылығының бір бөлігі ретінде заңмен мойындап, оны дамытуға нақты қолдау көрсету.

Саяжай иелеріне мынадай қолдау көрсетіледі:

  • мыңдаған отбасы үшін табыс көзі мен тұрақты еңбек,
  • балалар мен немерелерге еңбекке баулу мектебі,
  • елдің азық-түлік қауіпсіздігіне нақты үлес.

Бұл бастама Мемлекет басшысы қойған стратегиялық міндеттермен толық сәйкес келеді: жергілікті өндірісті дамыту, ауылды қолдау және халықты экономикалық белсенділікке тарту.

ПІКІР ЖАЗУ