Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Байларға салық көтеріле ме? – Жұманғариннің жауабы

Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин байларға қандай жағдайда салық салынатынын айтты, деп хабарлайлды BAQ.KZ тілшісі.

Ақорданың кулуарында журналистер Жұманғариннің «сән-салтанат салығын көтеріле ме» деп сұрады.

Ең алдымен “люкс” ұғымын дұрыс анықтап алуымыз керек. Егер қазіргі таңда салық салынғалы жатқан дүниелерге қарасақ, бұл да сол қымбат, яғни сән-салтанаттың өзі емес пе? Мәселен, егер сіздің иелігіңіздегі барлық жылжымайтын мүліктің жалпы құны 450 миллион теңгеден асса, демек салық төлейсіз. Қателеспесем, базалық мөлшерлеме жылына 3 миллион теңге, әрі қарай осы сомадан асқан сомаға 2 пайыз қосымша төленеді. Сол сияқты, егер көлік құны 75 миллион теңгеден асса, жоғары мөлшерлеме бойынша салық салынады. Қымбат алкоголь, қымбат шылымдар – осыларға да салық салынады, – деді Серік Жұманғарин.

Вице-премьер журналистердің “неге ортақ салық ретінде енгізбей, жекелей бөліп қарастырдыңыздар” деген сұрағына да жауап берді.

Егер ертең не нәрсе сән-салтанатқа жатып, не жатпайтыны анық болмаса – кейбір адамдар зардап шегуі мүмкін. Мұнда “кінәлі” немесе “кінәсіз” деген жоқ, бірақ салықты тиісті адамға емес, басқаға салып қоюымыз мүмкін, – деді Серік Мақашұлы.

Сәйкес жаңалықтар

Құрғақшылықтан зардап шеккен шаруаларға қандай көмек көрсетіледі

admin

Алматы тауларында туристер үшін ауқымды жоба дайындалып жатыр

admin

Нұралхан Көшеров Шардара тұрғындарымен кездесіп, көпқабатты үйлерді сумен қамту жұмысын қадағалады

admin