Білім саласындағы өзекті мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табуда
«Білім – өмір шырағы» демекші, білім беру үздіксіз жүргізілетін процес. Сол себептен, оқушылардың алаңсыз білім алуы үшін мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдау көрсетіліп келеді.
Түлкібас ауданында халық санының өсуіне байланысты соңғы жылдары біршама елді мекенде жаңа мектеп пен қосымша ғимараттардың қажеттілігі өзекті мәселенің біріне айналған болатын. Аталған мәселені шешуге өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев тікелей қолдау көрсетіп, биылғы жылы аудан аумағында 6 мектептің жаңа және қосымша ғимаратарының құрылысы қарқын алды.
Атап айтсақ:
- Т.Рысқұлов ауылында «Майлыкент» ЖОМ 300 орындық жаңа ғимаратының құрылысы, нысан биылғы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде;
- Еңбекші ауылында 150 орындық Н.Тұрсынбеков ат. НОМ жаңа ғимаратын бой көтеруде. Нысан биылғы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде;
- Абайыл ауылында Н.Қасымбеков атындағы бастауыш мектебіне 100 орындық жаңа ғимаратының құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 1-ші қыркүйегінде пайдалануға беріледі деп күтілуде;
- Аманкелді ауылындағы Аманкелді атындағы НОМ-ке қосымша біріктірілген спорт және мәжіліс залының құрылысы аяқталып, қабылдау жұмыстары жүргізілуде;
- Т.Рысқұлов ауылына қарасты «Бахыбек» мөлтек ауданындағы 300 орындық жаңа ғимаратының құрылысы бастау алды. Нысан 2023 жылға өтпелі;
- Таусағыз ауылындағы Г.Титов атындағы ЖОМ-не қосымша 150 орындық оқу корпусының жаңа ғимаратының құрылысы бастау алды. Нысан 2023 жылға өтпелі.
Сонымен қатар, аудан әкімінің биылғы халықпен есептік кездесулері мен жеке қабылдауларында көтерілген мектеп құрылысына қатысты көтерілген өтініш-ұсыныстар негізінде аранайы әзірленіп, 2022-2025 жылдарға ұсынылған жобалар(тиісті бюджетен қаржы бөлінген жағдайда ғана жүзеге асады)
- Республикалық бюджет есебінен 3 жаңа мектеп құрылысы (Т.Рысқұлов ауылының «Нұршуақ» мөлтеауданында 1200 орындық, Састөбе ауылында 600 орындық, Жаскешу ауылында 300 орындық ) «Жайлы мектеп» ұлттық жобаға ұсынылуда;
- 2 қосымша ғимарат құрылысы (Дауан ат. ЖОМ – 150 орын, З.Ғубайдуллин ат. ЖОМ -150 орын);
- 2 жаңа мектеп құрылысының («Жанұзақ» БМ-75 орындық, Өнер мектебі-75 орындық) жобалық-сметалық құжаттарының іске асыру мерзімі өтіп кеткендіктен, қайта сметаны есептеп, сараптамадан шығаруды қажет етеді.
- Көктерек ауылына 150 орындық жаңа мектеп құрылысы;
- Көкбұлақ ауылында орналасқан Төлеби атындағы негізгі орта мектебіне жаңа 150 орындық мектептің құрылысы. Айта кетерлік, жоғарыда аталған жобалар облыстық салалық басқармадан қолдау тауып, тиісті бюджеттен қаржы бөлінген жағдайда ғана жүзеге асады.
Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі