Батыс Қазақстанда жолдар жабылды

Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты Орал қаласынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі жол уақытша жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі мәлімдеді.
Хабарламада айтылғандай, 2026 жылғы 15 ақпан сағат 13:00-де республикалық маңызы бар «Орал-Тасқала-РФ шек.» тасжолының 4–104 шақырым аралығында жүк және қоғамдық көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Жолды ашу 15 ақпан сағат 18:00-де жоспарланып отыр.
Қосымша ақпарат алу үшін 1403 байланыс орталығына тәулік бойы хабарласуға болады.




