Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Балабақшалар заманауи талапқа сай жабдықталуда

Жаңа оқу жылы жақындаған сайын қала аумағындағы білім ошақтарының дайындығы басты назарға алынуда. Бүгін қала әкімі М. Әйтенов күрделі жөндеуден өтіп жатқан балабақшалардың құрылысын тексерді.

«Қарасу» шағын ауданындағы «№99 Гүлдер бөбекжайы қаладағы ең байырғы білім ошақтарының бірі. 1984 жылы салынған орталыққа биыл күрделі жөндеу жүргізілді. Екі қабатты ғимаратта 410 тәрбиеші қабылданған. Заманауи талапқа сай жабдықталатын балабақшада құрылыс 5 ай жалғасады.

Жобада қаралған жұмыстардың орындалған көлемі 50%-ды құрайды. Мамыр айында басталған күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, қазан айында аяқталып пайдалануға беріледі.

Күрделі жөндеуден өтіп жатқан білім ошақтарының қатарында №3 бөбекжай-бақшасы да бар. Айбергенов көшесінде орналасқан орталықта

тәрбиеленушілер саны 130. Екі қабатты ғимараттың құрылысы наурыз айында басталған болатын. Жұмыстар өндірістік кестеге сай қыркүйекте аяқталып, пайдалануға беріледі. Орындалған жұмыстардың көлемі 60%.

Осыған дейінгі аралаулар кезінде М.Дүйсенбекұлы аталған балабақшадардың құрылысымен танысып, нысандарды жабдықтауда нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Әкім тапсырмасына сәйкес, мердігерлер тарапынан жұмыс қарқыны күшейтіліп, балалар қауіпсіздігі ескерілуде. М.Дүйсенбекұлының орталықтардың озық үлгіде жасақтау бойынша берген тапсырмалары да бүгінде орындалуда. Қала әкімі жауаптыларға сапаны бақылап, балабақшаларды мерзімінде қолданысқа беруді тапсырды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Әйтенов қала тұрғындарын ауыз сумен қамту мәселесін жіті қарады

admin

Сарыағашта Республика күні спорт алаңшасы ашылды

admin

Қазақстанның бес өңірінде қалың қар, боран мен желге байланысты жолдар жабылды

admin