Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Қазақстанның бес өңірінде қалың қар, боран мен желге байланысты жолдар жабылды

 Қазақстанның бес өңірінде қалың қар, боран мен желге байланысты республикалық және облыстық маңызы бар жолдар жабылды.

«ҚазАвтоЖол» ҰК » АҚ деректері бойынша, ауа райының нашарлауына байланысты (қалың қар, боран, жел, жолдың нашар көрінуі, көктайғақ) республикалық автожолдардың тоғыз учаскесінде және облыстық маңызы бар 12 учаскіеде (Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Ұлытау) қозғалыс жабық.

ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті:

  • Дауылды ескерту жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болыңыздар;
  • Ауа-райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылаңыздар.

Автожолдардағы қозғалыстың шектелуі туралы ақпаратты ҚР ТЖМ ресми сайтының «Шұғыл ақпарат» бөлімінен қарауға болады.

Сәйкес жаңалықтар

Шымкентте апатты мектептер проблемасы толығымен шешілді

admin

Шымкентте «ҚХА-ның жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен, мәслихатпен байланысын нығайту» тақырыбында жиын өтті

admin

Түркістан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев өңір тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

admin