Бәйдібек: сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті
Бүгін аудан әкімі Ерлан Нұрмахановтың төрағалығымен «Бәйдібек ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі» комисси отырысы өтті.
Комиссия отырсының күн тәртібінде екі мәселе қаралды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысының І,ІІ,ІІІ тоқсандағы хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы» туралы және «Аудан әкімдігіне бағынысты барлық мемлекеттік мекеме басшылырының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындысы» туралы аудан әкімінің заң кеңесшісі, комиссия хатшысы Ордабек Амалов хабарлама жасады.
Мәжілісте күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, еліміздегі қолданыстағы заңдарға енгізілген толықтырулар мен өзгерістер және жаңадан қабылданған заңдарды түсіндіру бойынша құқықтық оқу ұйымдастыру және басқа да ұсыныс–пікірлер айтылды.
Жиынды қорытындылаған комиссия төрағасы, аудан әкімі Ерлан Заипұлы сыбайлас жемқорлықпен күрес, оның алдын алу қай кезде де күн тәртібінен түспейтінін, маңызды мәселе екенін жеткізді. Барлық бөлім, мекеме басшылары мен ауылдық округі әкімдері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша заң талаптарын қатаң сақтау керектігін айтты. Өздері басқаратын ұжымда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізу керектігін ескертті.
Жиын қорытындысымен берілген хаттамалық тапсырмалардың уақытылы, сапалы орындауды тапсырды.