Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Бәйдібек: мектептерде алғашқы қоңырау соғылды

Бүгін аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков Жолғабас ауылындағы мектепте өткен білім күні мерекесіне арналған алғашқы қоңырау салтанатты жиынына қатысты. Аталған мектептің оқушылары мен ұстаздарын білім күнімен құттықтап, құрылысы аяқталып пайдалануға берілген Жолғабас негізгі мектебінің қосымша жайының лентасын салтанатты түрде қиды. Мерекелік шарада мектеп оқушылары білім күніне арналған концерттік бағдарламасын ұсынды.

Жаңадан пайдалануға берілген Жолғабас мектебінің қосымша жайы екі қабатты.  Аталған мектепте 8 сынып бөлмесі бар. Жолғабастық 100-ге жуық оқушы қосымша жайда заманауи үлгімен жабдықтылған лингофон, химия, биология, ұлдар мен қыздарға арналған шеберханаларда  сапалы білім мен саналы тәрбие алатын болады.

Жалпы Бәйдібек ауданындағы 50 мектепте бүгін алғашқы қоңырау соғылды. Биылғы жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 1100-ден аса оқушы барды. Аудандағы мектептердегі жалпы 12000-нан аса оқушымен педагогтар оқу-тәрбие жұмыстарын бастады.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан: құлаған электр бағаналары қалпына келтіріліп жатыр

admin

Төлеби: қала аумағында жүзеге асқан жобалар ауқымды

admin

Түркістанда 2024 жылы 570 орынды жаңа облыстық аурухана пайдалануға беріледі

admin