Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Арыста бір ай бойы азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

Арыста Әлеуметтік дүкен аумағында бір айға созылатын азық-түлік жәрмеңкесі басталды.

Мұнда бағасы нарықтан әлдеқайда төмен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері сатылуда.

Мысалы, мұнда өсімдік майы (5 литр) 2450 тг, макарон өнімдері (5 кг) – 1750 тг, картоп сұрыптарына қарай килосы – 110, 120,180 тг, ұнның қабы (50 кг) – 12600 тг, пияз (сұрыпына қарай) – 60, 65, 70 теңгеден сатылуда.

Қала кәсіпкері Айтбай Алтаевтың айтуынша, алдағы уақытта сатып алушылардың өтінішімен тауар түрлері көбейеді деп күтілуде.

Осылайша, жергілікті кәсіпкерлердің тұрғындарды қолжетімді бағада азық-түлікпен қамту саясатын ұстануы арқылы бағаның тұрақтануына септігін тигізуде.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Бибігүл Жексенбай: Қазақстан – цифрлық дәуірге қадам басуда

admin

Лагерьлерде балалар өміріне қауіпті олқылықтар анықталды

admin

QR-коды бар туристік карта — қауіпсіз саяхат кепілі

admin