Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Бәйдібек: кезекті рейдттік іс-шаралар жүргізілді

Бәйдібек ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен аудан тұрғындарына тұрғын үйде жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі мен иісті улы газдан уланудың алдын алу мақсатында рейдттік іс-шаралар жүргізілді. Рейдтік іс-шараға аудан әкімінің өкімімен бекітілген жұмысшы топ құрамы яғни, Аудан әкімдігі, Төтенше жағдайлар бөлімі, Өрт сөндіру бөлімі, Полиция бөлімі, «Казтрансгаз аймақ» АҚ қызметкерлері, жұмылдырылды.

Іс-шарада аудан тұрғындарына жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі мен иісті улы газдан сақтанудың ережелері түсіндірілді. Арнайы жадынама парақшалары таратылды. Анықталған кемшіліктер бойынша тұрғын үй иелері тарапынан түсінушілік танытып, кемшіліктерді жуық арада жоятындығын және де берілген кеңестерге ризашылығын білдіріп, сұрақтарын қойып, тиісті жауабын алып жатты. Әр саладан жиналған жұмысшы топ өкілдері өз салалары бойынша түсіндірді. Бұл бағыттағы жұмыстар жылыту маусымының соңына дейін тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары жылыту маусымында сақтық шараларын қатаң сақтауларыңызды сұранамыз.

Сәйкес жаңалықтар

Миллион — үшінші мегаполисте 2021 жылдың соңына дейін ел игілігіне берілетін баспананың көлемі

admin

ІІМ «Таразда балға ұстаған маньяк жүр» дегенге пікір білдірді

admin

Су тасқыны. Тоқаев бірқатар азаматты салтанатты түрде марапаттады

admin