Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

ІІМ «Таразда балға ұстаған маньяк жүр» дегенге пікір білдірді

Жамбыл облысында әлеуметтік желілерде «Таразда балға ұстаған маньяк кезіп жүр» деген ақпарат тарады. Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Белгілі болғандай, 1 сәуірде қалалық саябақ маңынан басы жаншылған ер адамның мәйіті табылды. Осы жағдайдан соң мессенджерлерде қорқынышты хабарлама тарай бастаған.

Әлеуметтік желіде «Таразда балға ұстаған маньяк жүр, құрбан болғандар бар» деген ақпарат тарап жатыр. Жамбыл облыстық полиция департаменті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Облыс орталығындағы шағын аудандардың бірінен ер адамның мәйітінің табылуына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, – делінген ІІМ мәлімдемесінде.

Департамент қазір күдіктіні анықтау және ұстау үшін қажетті тергеу-жедел іздестіру шараларыны толық жүргізіліп жатқанын айтты. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан: «Қаламқас» пластикалық драмалық қойылымының премьерасы өтті

admin

Ордабасы: аудан әкімі Шұбарсу ауылындағы инженерлік-инфрақұрылым жүргізу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды

admin

Полиция мен ветеринария саласының мамандары кеңейтілген кеңес өткізді

admin