Бәйдібек: аудан әкімі жақында іске қосылған тігін цехының жұмысымен танысты
Бүгін аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов жақында Шаян ауылынан ашылған тігін цехының жұмысымен танысты.
Шағын кәсіпорын текстиль өнімдерінің қалдықтарын қайта өңдеу, мақта түту, көрпе, жастықтан бастап, медициналық формалар, матрас, шапандар мен қыз жасауын тігеді. Мұнда 7 жергілікті нәзік жанды қыз-келіншектер жұмыс орнымен қамтылып, еңбек етуде. Сонымен қатар №19 колледж студенттері де цехқа келіп тігін тігуді үйренуде.
Кәсіп иесі Эльенора Ағабекқызы аудан әкіміне цехта тігіліп жатқан көрпе-жастықтар, медициналық формалар мен кәде-сыйлықтар және көрпе қабу, мақта түту құрылғыларын таныстырды. Цехты дамыту бойынша алдағы жоспарларымен бөлісті.
Аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов жаңадан ашылған цехтың басшысы Эльенора Ағабекқызының кәсібіне сәттілік тілеп, тігілген өнімдерін аудан көлемінде сатылымға шығару үшін арнайы дүкен ашу керек екендігін айтты. Сонымен қатар қандайда бір мәселеле болса кез-келген уақытта сала бойынша орынбасары мен бөлім басшысына байланысуға болатынын жеткізді.
Айта кетерлік жайт жаңадан ашылған тігін цех Бәйдібек ауданында текстиль ісі бойынша жалғыз өндіріс орны. Цехта күндігіне 100 көрпе тігетін станок орнатылған.