Баба түкті Шашты Әзіз кесенесі жайлы аңыз
Баба түкті Шашты Әзіз кесенесі Созақ ауданы, Құмкент ауылының маңындағы Жылыбұлақ деген жерде орналасқан. Ысқақ баба мен Баба түкті Шашты Әзіз қазақ халқын Ислам дініне тек сөз күшімен яғни уағыз айтумен тартатын алғашқы дін таратушылар болды. 767 жылы Ысқақ баба өз жасағымен Арабиядан дін таратып Түркістан мен Сырдарияға келеді. Бір күнде 200 мың адамды Ислам дініне тартқан деп аңызда айтылады екен. Баба түкті Шашты Әзіз әулие болып саналып, Аян беріп түске кіріп, шайқастарда сарбаздарға рух берген деген деректер Қазақ ауыз әдебиетінде де жиі кездеседі. Сонымен қатар емші қабілетімен де халыққа танымал болған. Сол үшін адамдар оны әулие атап, кесенесін сақтап қалған. Баба түкті Шашты Әзіздің бірінші кесенесі Құмкент ауылының қасында 18 ғ ортасында салыныпты. Жаңа кесене 2006 ж салынған. Орны ерекше – шөл ортасында бұлақ аққан жерде, осында Баба түкті Шашты Әзіз мешіт салған екен. Бұлақ қасиетті болып саналады. Баба түкті шашты Азиз деп аталуы денесі түкті болған деседі. Баба түкті шашты Азиз кесенесіне зиярат етіп барған пиғылы нашар адамдардың көзіне кесененің екі мұнарасынан алып жылан көрініп кесене маңына жолатпайды деген аңыз әңгіме ел аузында тараған. 2022 жылдың маусым айына дейін келуші туристтердің саны 5 мыңнан асқан.