Б.Тәжібаев Сайрамның әлеуметтік нысандарын аралады

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев ауданға арнайы іс сапармен келді.

Сапар барысында өңір басшысының орынбасары Қарасу ауылдық округінің емхана жұмысымен танысты. Аталған медициналық мекеме 13 мыңнан астам халыққа қызмет көрсетуде. Ғимараты 1974 жылы типтік емес үлгіде дәріханаға арналып салынған. Соған қарамастан мекеме қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп, науқастарға медициналық көмекті дер кезінде көрсетіп жатыр.

Емхана жұмысының жай-күйімен танысқан  Б.Тәжібаев жаңа типтік жобадағы емхана ғимаратының құрылысын жоспарға енгізуді жүктеді.

Мұнан соң күрделі жөндеуден өтіп жатқан «Күншуақ» бөбекжай бақшасының құрылыс жұмыстарын тексерді. Б.Тәжібаев сала мамандарына құрылыс жұмыстарын уақытылы және сапалы аяқтауды тапсырды. 

Жұмыс сапарымен келген өңір басшысының орынбасары Б.Тәжібаев Манкент ауылындағы дәрігерлік-амбулатория жұмысымен танысты.

Қазір медициналық мекеме жаңа ғимарат құрылысын қажет етеді. Бұл ретте ғимарат құрылысына Манкент ауыл округі әкімшілігі тарапынан Жалал ата көшесі бойынан 1,0 га жер телімі бөлініп, мемлекеттік актісі рәсімделген. Қазір СЖТ құжаты Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасына ұсынылған. Аталған жұмыстар жалғасын табатын болады.

ПІКІР ЖАЗУ