Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

«Аз уақыт қалды». Бектенов су тасқынына дайындалу керегін айтты

 Су тасқынына дайын болуымыз керек. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді.

Су тасқыны кезеңінің басталуына да көп уақыт қалған жоқ. Әкімдер бұл мәселені ерекше бақылауға алуы қажет. Төтенше жағдай туралы халықты хабардар ететін барлық жүйелердің тұрақты қамтамасыз ету керек. Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет. Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқынына толығымен дайын болуға тиіс, сондай-ақ орталық және жергілікті органдардың жұмыстарын үйлестіруді қамтамасыз етсін, — дейді Олжас Абайұлы.

Сәйкес жаңалықтар

Полиция қызметкерлері шағын футболдан турнир өткізді

admin

Бәйдібек: уақыт сіздерге емес, сіздер уақытпен жұмыс жасауларыңыз керек

admin

Биыл Түркістан облысында 6 мың отбасы қоныс тойын тойлайды

admin