Алматылық азамат автобус ішінде әйелге пышақ ала жүгірген

Автобустың ішінде әйелге пышақ ала жүгірген алматылық азаматтың әрекеті видеоға түсіп қалды. Аталған ролик әлеуметтік желіде кеңінен тарап, көпшіліктің талқысына түскен, деп жазады Қазақпарат.

Видеодан қоғамдық көлікте ашуға булыққан жігітті бірнеше ер адамның тоқтатуға тырысқаны көрінеді. Өйткені, оның қолында пышақ болған.

  “Біз автобусқа отырдық, кенеттен бір әйел автобусқа жүгіріп кірді. Оның артынан пышақпен ер адам кірді. Әйел жігіттің оның ұялы телефонын ұрлағанын айтып, айғайлайды. Ер адам пышағымен қорқыта бастады. Автобустың іші азан-қазан болды. Автобусқа пышақпен кірген бұл жігітті қоғамнан оқшаулау керек”, – деді оқиға куәгері басылымға.

Бұған қатысты Алматы қалалық полиция департаменті пікір білдіріп, ешкім арыз түсірмегенін мәлімдеді. Ведомствоның мәліметінше, оқиғаға қатысы бар адамдар іздестіріліп жатыр.

  “Барлық аудандар полиция басқармасының орталығы базасын тексерді, 102 пультіне ешқандай сигнал түскен жоқ. Алайда, полиция департаментінде өткен аптада, яғни, видео алғаш рет әлеуметтік желілерде жарияланған кезде, тексеру шаралары тағайындалды.  Қаланың криминалдық полициясы шынымен не болғаны және видеодағы ер адамның кім екенін анықтау үшін оқиғаның барлық хронологиясын жасауда”, – деді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

ПІКІР ЖАЗУ