Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Қоғам

Петропавлдық оқушы желіде қыз болып танысып, алаяқтық жасаған

Sankt-Petersburg, Russia, September 24, 2017: iphone 6s with icons of social media on screen. Smartphone life style smartphone. Starting social media app.
   16 жастағы жасөспірім әлеуметтік желіде жалған аккаунт ашып, адамдардан ақшаны қарызға алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Petropavlovsk.news хабарлауынша, Петропавлдың бірнеше тұрғыны интернеттегі алаяқтық туралы арызбен полицияға жүгінген. Олардың айтуынша, әлеуметтік желіде әлдебір тартымды қыз танысып, артынша қарызға ақша сұрайтын көрінеді. Сосын ол ақшаны қайтармайды екен. Ал келтірілген шығын көлемі 13 мың теңгеден 316 мың теңгеге дейін.

Қалалық криминалдық полиция парақшаның жалған екенін анықтады. Оны жасаушы кездейсоқ атау мен интернеттен алынған фотоларды пайдаланған. Тәртіп сақшылары күдікті – 16 жастағы жасөспірімнің ізіне түсті. Қазір ол ата-анасының кепілдігімен босатылды.

Бүгінде бұл іс бойынша төрт оқиға анықталды. Полиция зардап шеккендер санын нақтылап жатыр.

Аталған фактілер Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Сәйкес жаңалықтар

Ө.Шөкеев әкімдерге уақыт берді

admin

Куда поехать летом: ТОП-5 лучших мест для отдыха в Казахстане

admin

Орал қаласында баспанасы суға кеткен тұрғындар үшін 450 жеке үй салынады

admin