Аудандық «Түнгі сарын» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті

Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығы мен Төлеби ауданының 90 жылдығына орай, Әуезов шығармаларын халық арасында насихаттау, жастардың өнерін дамыту, жас талант иелерін анықтау, жеке тұлғалардың қалыптасуына ықпал ету мақсатында Төлеби аудандық мәдениет үйіне қарасты Оңтүстік ауылдық клубының ұйымдастыруымен аудандық «Түнгі сарын» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті.

Байқауға алдын – ала іріктеуден өткен 12 үміткер қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

Көркемсөз шеберлері І-кезеңде Мұхтар Әуезов шығармаларынан үзінді оқыса, ІІ-кезеңде белгілі ақындардың Төлеби ауданына арнап жазылған өлеңдерін нақышына келтіре орындап, көрермендердің ықыласына бөленді.

Қазылар алқасының шешімімен төмендегідей нәтиже шығарылды.

І – ОРЫН Қарабек Балауса (Бірінші Мамыр ауылдық мәдениет үйі)

ІІ – ОРЫН Құрманбай Ұлжан (Қаратөбе ауылдық клубы)

ІІ – ОРЫН Марат Ақнұр (Тасарық ауылдық клубы)

ІІІ – ОРЫН Жарылқап Нұрсезім (Қасқасу ауылдық мәдениет үйі)

ІІІ – ОРЫН Күзербек Пернебек (Бейнеткеш ауылдық клубы)

НОМИНАЦИЯ

  1. «Тұғыры биік – Төлеби» – Аружан Сүлеймен (Оңтүстік ауылдық клубы)
  2. «Абай жолы» – Құрбан Әсел (Кемеқалған ауылдық клубы)

ПІКІР ЖАЗУ