Аудан орталығынан жаңа мектеп пайдалануға берілмек

Аудан орталығында көп жылдан бері түйіні шешілмей келген мәселенің бірі халық санының артуына байланысты елді мекеннің шығыс бөлігінен жаңа мектептің қажеттілігі болатын. Аталған мәселе аудан әкімдігінің бастамасымен, облыс әкімдігінің тікелей қолдауымен биыл өз шешімін тапты.

Заманауи 300 орындық метептің құрылысы бүгінгі таңда толығымен аяқталды. Жыл соңынан дейін толық пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Бұл жайында бүгін аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Е.Орманов Майлыкент ауылдық округі тұрғындарының алдында берген есептік кездесунде баяндады.

Жалпы майлыкенттіктер тарапынан жыл басынан бері 15 мәселе көтеріліп бүгінгі таңда соның 5-і толығымен орындалып отыр(ауыз су, жол жөндеу, жарықшамдар орнату, балалар ойын алңшасын салу, электр желісін жаңарту, тұрғын-үй және тазалық мәселесіне қатысты). Аталған мәселелердің 4-і келесі жылға жоспарланса, 1 мәселе 2023-2024 жылдардың бюджеті есебінен іске асырылмақ. Ал, 5 мәселе бойынша тұрақты түрде жұмыстар жүргізіледі.

Майлыкент ауылдық округінде 2022 жылы атқарылған жұмыстарды атап айтсақ:

Т.Рысқұлов ауылы, “Бақыбек” мөлтек ауданында орналасатын 300 орындық мектеп құрылысы бастау алды;

Т.Рысқұлов ауылы «Бақыбек» м/а  дамуына берілген 80,0 га жер телімінің инженерлік  инфрақұрылым құрылысының электр желісі,су желісі және кәріз жүйесін тарту жұмыстары іске асуда. Нысан келесі жылға өтпелі;

Т.Рысқұлов ауылы, Грицинин, Досалиев көшелері жарықтандырылды;

Қараағашты ауылы, Т.Тазабеков көшесін электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Нысан келесі жылға өтпелі;

Көкжайлау мөлтек ауданы Ұлы дала көшесіне ауыз су құбырын тарту және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді;

Т.Рысқұлов ауылы МТФ көшесіне ауыз су құбырын тарту және ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілді.

Т.Рысқұлов ауылы Биназар батыр көшесі, Қараағашты ауылы Б.Момышұлы көшесіндегі газдандырылмаған тұрғын үйлердін сыртқы газ құбырына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ