Ауа райы: Қыстың соңғы аптасы қандай болады?

Кең ауқымды аязды антициклон Қазақстанның басым бөлігінде өз ықпалын сақтайды. 26-28 ақпан аралығында ел аумағында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болжанбайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі “Қазгидромет” РМК-ға сілтеме жасап.
Республика бойынша тұман күтіледі.
Еліміздің басым бөлігінде аязды ауа райы сақталады. Сонымен қатар, республиканың оңтүстігінде жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде қатты жауып, жел күшейеді, тұман түсіп, көктайғақ болады, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК мамандары.
Синоптиктердің мәліметінше, кезеңнің соңына қарай оңтүстік облыстарда ауа температурасы төмендейді:
-
Түнде: термометр бағандары -10…-17 градусқа дейін, Түркістан облысында -2…-10 градусқа дейін төмендейді.
-
Күндіз: оңтүстік өңірлерде -2…-12 градус аяз, Түркістан облысында +2…+7 градус жылы болады.
-
Респбулика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі.
Астана
Елордада айтарлықтай жауын-шашынсыз, аязды ауа райы сақталады.
-
26 ақпан: Күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан желдің жылдамдығы 9–14 м/с. Түнде -24…-26°C, күндіз -17…-19°C.
-
27 ақпан: Күн бұлтты, жауын-шашынсыз, жел басылып 3–8 м/с болады. Түнде аяз күшейіп -29…-31°C, күндіз -18…-20°C.
-
28 ақпан: Күн бұлтты, күндіз аздап қар жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел 3–8 м/с. Түнде -27…-29°C, күндіз -15…-17°C.
Алматы
Алматыда жауын-шашынды және көктайғақ болуы мүмкін. Құбылмалы ауа райы болжанады.
-
26 ақпан: Бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын, кейде қатты (мұздай жаңбыр, қар) жауады. Тұман мен көктайғақ болуы мүмкін. Батыстан соққан желдің екпіні 15 м/с жетеді. Түнде -1…-3°C, күндіз 0…+2°C.
-
27 ақпан: Бұлтты, қар жауады. Жолдарда көктайғақ пен тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с. Температура түнде және күндіз -3…-5°C болып, әрі қарай төмендей береді.
-
28 ақпан: Бұлтты, кейде қар жауады, тұман, көктайғақ. Түнде -7…-9°C, күндіз -3…-5°C.
Шымкент
Шымкентте кезеңнің басында жаңбыр жауып, жел күшейеді.
-
26 ақпан: Күн бұлтты, жауын-шашын (негізінен жаңбыр), кейде қатты жауады, тұман түседі. Оңтүстік-батыс желінің екпіні 15–20 м/с жетеді. Түнде +3…+5°C, күндіз +7…+9°C.
-
27 ақпан: Түнде және күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман. Түнде 0…+2°C, күндіз +7…+9°C.
-
28 ақпан: Күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Түнде 0…-2°C, күндіз +7…+9°C.
Еске салайық, бұған дейін синоптиктер наурызда Астанада ауа райы қандай болатынын хабарлаған еді.




