Астанаға жаңа жабық стадион салынады

 АСТАНА. KAZINFORM – Елордадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы ескі стадионның орынына жаңа жабық кешен бой көтеретін болды.

Астана қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлім еткендей, қала әкімдігі оның орнына жаңасын салмақ. Нысанның төбесі жабық болады.

«Осыған байланысты жөндеу жұмыстарының орнына нысанды толықтай сүріп, орнына жаңа стадион салу жоспарланып отыр. Төбесі жабық нысан салу шешімі қабылданды, қазір жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр», – делінген басқарма таратқан ақпаратта.

Жаңа салынатын стадион бір жолда 4500 көрерменді қабылдай алатын болады.

ПІКІР ЖАЗУ