Астанадан 37 мың текше метрден астам қар шығарылды

Астанадан күндізгі уақытта 37 мың текше метрден астам қар шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елордадағы коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Мәселен, 31 қаңтар күні кешке қар тазалау жұмысына 1000-нан астам арнайы техника жұмылдырылды.

Кешке қала көшелерін қар мен мұздан тазартуға 211 жол жұмысшы мен 1052 арнайы техника жұмылдырылды.

Бір күнде қаладан 37 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 2992 ауыр жүк көлеміне тең. Қыс мезгілі басталғалы елордадан барлығы 3,3 млн текше метр қар шығарылды, ол үшін полигондарға 246 мыңға жуық жүк көлігі рейстері жасалды.

ПІКІР ЖАЗУ