Астана көшелерін енді жасанды интеллектпен тазалайды

Астанада коммуналдық саланы енді жасанды интеллектіге негізделген жүйелер басқарады. «Астана Тазалық» кәсіпорны жұмыс процесіне бір емес, бірнеше цифрландырылған жүйелерді енгізіп, қала тазалығын мақсатты түрде қамтамасыз етіп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Енді қала көшелеріндегі әрбір техника қай бағытта жұмыс жасап жүр, қанша көлемде қар шығарды, бәрі жасырын емес. Оны биыл енгізілген жаңа цифрлық технологияларға негізделген «Цифрлық жол қағазы жүйесі бақылауда ұстайды. Бұл туралы «Астана тазалық» ЖШС, техниканы пайдалану бөлімінің басшысы Тимур Ахметов айтты.
Біздің мекеме коммуналдық техниканың басқару жөніндегі цифрландыру процесін аяқтап жатырмыз. Осы уақытқа дейінгі жасалған жұмыс өз тиімділігін, қауіпсіздігін көрсетіп отыр,-дейді ол.
Маман сөзінше, әрбір арнайы техникаға GPS терминалдары орнатылып, қағазбастылықтан арылуға жол ашатын «Электрондық парақ» жүйесі орнатылды.
Қазір жұмысқа келген жүргізуші «Med365» деген жүйе арқылы медициналық тексеруден өтіп, жұмысқа рұқсат алады. Қан қысымын өлшейді, алькотесттен өтеді. Содан кейін ғана жұмыс жасауға рұқсат алады. Яғни цифрландыру процесі қызметкерлердің қауіпсіздігі мен денсаулығын да жіті назарда ұстайды.
Сондай-ақ бүгінде 800-ден астам жүргізуші, 390 техника бір жүйеге бағынып, қадағаланып отыр. Жаңа жүйеге байланысты егер камера жүргізуші тараптан ұйықтап кету, телефонмен сөйлесу деген секілді іс-әрекеттерді байқаса, автоматты түрде дабыл қосылып, жүргізушіні оятып, қауіптің алдын алады. Тимур Ахметовтің сөзінше, мұндай жағдай осыған дейін 6-рет тіркелген.
Бұл жүйелердің барлығы жүргізушіні жазалау не айыппұл салу үшін жасалынған дүние емес. Ең бірінші – жол қауіпсізді,- дейді ол.
Қала тынысы – тазалықта. Бүгін біз технология мен еңбек бірігіп, Астананың күнделікті тыныс-тіршілігін қалай реттеп тұрғанын көрдік. Жерді тазартатын – техника, тәртіпті сақтайтын – жасанды интелект. Ал қаланы шын таза қалатын – адамның өзі екенін ұмытпаған абзал. Таза қала – таза санадан басталады.




