Арыста марокко шегірткесі қаптап кеткен

 Түркістан облысы Арыс ауданы Қожатоғай ауылдық округінде шегірткетектестер көбейіп кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

АШМ баспасөз қызметі мәліметінше, 2024 жылғы 5 маусымдағы жағдай бойынша Түркістан облысында марокко шегірткесінің дернәсілдері бойынша 715,18 мың га зерттелді.

Оның ішінде өңдеуге жататын жер көлемі 260,4 мың га, өңделген аумақ 259,3 мың га немесе болжамды көлемнің 95,5%-ын құрайды. Бүгінгі күні бұл аумақ толығымен өңделді, шегірткетектестердің таралу ошағы жойылды. Ауыл шаруашылығы дақылдары егістіктерінің зақымдануы анықталған жоқ, – делінген хабарламада.

ПІКІР ЖАЗУ