Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Алматының проблемалы аудандары сумен тұрақты қамтамасыз етілді

 Алматыда қаланы үздіксіз сумен қамтамасыз ету бойынша шаралар белсенді қабылданып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мегаполистің Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының мәліметінше, 17 мамырда «Балқаш» таза су резервуары пайдалануға берілді. Юбилейный, Каменск үстірті, Көлсай, Мұзтау аудандары үшін тәулігіне 6,9 мың текше метрге 5 резервуар және 7,3 мың текше метрге 3 ұңғыма салынды.

Былтыр желтоқсанда қолданыстағы желілерге су беруді қамтамасыз ететін қуаты тәулігіне 15 мың текше метр болатын «Қарғалы» су жинағышының құрылысы аяқталды.

Қуаты тәулігіне 22 мың текше метр болатын «Ақсай» су жинағышының құрылысы жүріп жатыр, қазір нысан 50% дайын.

Алматының жоғарғы бөлігінің тұрғындары үшін сумен жабдықтаудың резервтік схемасы салынуда. 6 ұңғыма бұрғыланады. Бұл 50 мың тұрғынды тұрақты сумен қамтамасыз ете отырып, 2024 жылдың шілдесіне дейін аяқталады.

«Қарғалы», «Ақсай» және «Балқаш» ТСР су жинағыштары қаланың Наурызбай және Медеу ауданының 170 мың тұрғынын, сондай-ақ Алматы облысының Жаңатұрмыс және Қырғауылды ауылының 40 мың тұрғынын тұрақты сумен қамтамасыз етеді.

Сәйкес жаңалықтар

Балқашта жол апатынан 9 адам бақилық болды

admin

Түркістан: елді мекендерді сапалы интернетпен қамту жұмыстары облыс басшысының бақылауында

admin

Сауран ауданында 280 мың басқа арналған құс фермасы іске қосылады

admin