Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Арыс: қала әкімі азаматтарды жеке қабылдады

Бүгін қала әкімі Гүлжан Құрманбекова бекітілген кестеге сәйкес қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Тиісті сала жетекшілерінің қатысуымен өткен шараға жергілікті 12 азамат жеке өтінішпен келді.

Қабылдауға алдын ала жазылып, өтініштерін айтқан қала тұрғындары тұрғын үй кезегі, тұрақты жұмысқа орналасу, жол салу және түрлі әлеуметтік, тұрмыстық мәселелерін алға тартты.

Олардың ұсыныс-тілектерін қағазға түсірген шаһар басшысы тиісті жұмыстар жүргізілетіндігін айтып, заң аясында шешу жолдарын қарастырды.

Сондай-ақ, алдағы уақытта тұрғындардың мәселелерін бақылауда ұстайтындығын айтып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берді.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Облыстық кітапханада президент мақаласы насихатталды

admin

Енді ШЫҰ-ға Қытай төрағалық етеді

admin

ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданында электр жүйесімен қамту 90,6%-ды құраған

admin