Арыс: қала әкімі Аққалаға барды

Бүгін қала әкімі Гүлжан Құрманбекова Аққала елді мекені тұрғындарымен кездесті.  Жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып, алдағы жоспарлармен бөлісіп, аққалалықтармен бірге өзекті мәселелерді егжей-тегжейлі талқылады.

«Аққала, Жиделі елді мекендеріне газ жүргізу үшін магистральді құбырдың құрылысы жүріп жатқанын білесіздер. Енді Аққала, Жиделі елді мекендері ішіне газ жүйесінің құрылысын жүргізу үшін,  республикалық бюджетке сұраныс бердік. Бүгін қуанышты жаңалықпен бөліскім келіп отыр. Тиісті қаржы бөлінді, биыл құрылысы басталады,» – деді қала басшысы.

Биыл Жиделі ауылында 120 орындық кітапхана мен ауыл клубы пайдалануға берілді. Енді Жиделі елді мекенінен спорт зал салу үшін республикалық бюджетке қаржыға ұсыныс енгізілді. Алдағы уақытта қаржыға байланысты құрылысы жүргізілетін болады. Сәтін салса, ауылда мәдениетпен бірге спорт қатар дамитын болады.

Бұдан бөлек, «3-К-1» каналын күрделі жөндеуден өткізу үшін мемлекеттік сараптамадан өткізіліп, республикалық бюджетке сұраны берілді. Ал, округке қарасты «3-К-3» каналына жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Дайын болған күйде тиісті қаржыға ұсыныс енгізілетін болады.

Сондай-ақ, Жиделі елді мекенінің ауыз су жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге де ұсыныс енгізілген. Тиісті қаржы бөлінген соң, бұл жұмыстар да жүзеге асырылатын болады.

Кездесуде тұрғындар жол салып беруді, Аққалаға ойын алаңша мен воркаут алаңын салуды, жарықшамдарды іске қосып беру секілді мәселелер қозғалды. Қала әкімі әр көтерілген мәселені назарға алып, шешу жолдарын ауыл халқымен бірге талқылады.

Әрі қарай тұрғындар жеке мәселелері бойынша қабылдауға қатысып, көкейдегі мәселелерді шешудің жолдарын бірлесе талқылады.

ПІКІР ЖАЗУ