Түркістан: ұлттық тәрбиені насихаттайтын рухани кеш өтті

Облыс орталығында кезекті рухани кеш өтті. “Тәлім-тәрбие тектілік туы” тақырыбында өткен басқосуда қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қожахмет, қалалық Ардагерлер алқасының төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, қаланың бас имамы Мұхаммеджан Ергешбайұлы және  зиялы қауым өкілдері жиналды.

Жиында қала әкімінің идеология жөніндегі орынбасары Мекенхан Қозыханұлы сөз алып, қала басшысының мерекелік құттықтауын жеткізді.

Келесі болып сөз сөйлеген Жарқынбек Құлбайымбетов бала тәрбиесіндегі қазақтың салт-дәстүріне тоқталды. Сонымен бірге, Мұхаммеджан Ергешбайұлы іс-шараның маңыздылығы мен мақсатын жеткізді.

Шарада елге танымал сала өкілдері, атап айтқанда, дінтанушылар: Нұрлан Асанов, Алау Әділбаев, Мәдіхан Тажиев пен ақын Жәкен Омаров және Тәттімбет Керей келушілерге тақырып аясындағы ақпараттарымен бөлісті.

Жиын соңында Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры өнерпаздары ұлттық тәрбие аясында арнайы дайындалған қойылымын ұсынды.

ПІКІР ЖАЗУ