«AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты Арыста сайыс өткізді

Бүгін Арыс қаласында «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен «AMANAT AQYLMAN» интеллектуалды ойынының қалалық кезеңі өтті.

Арыс қалалық «AMANAT» партиясының ұйытқы болуымен өткізілген зияткерлік ойынға 10 команда қатысты. Жарыс 4 кезең бойынша өтіп, әр кезеңде түрлі салаға байланысты сұрақтар қойылды. Атап айтқанда, қала тарихы, әдебиет, логикалық тапсырмалар сынды кезеңдер ойынды ширата түсті. Ұйымдастырушылар мұндай зияткерлік ойындардың жастарға берері мол, бос уақытын білімге арнап, білімдерін шыңдайтын орта қалыптастырады, деп атап өтті.

Тартысқа толы өткен зияткерлік ойын қорытындысына сәйкес «Мүдделес» командасы 3-орынды иеленді. Ал, «Парасат» командасы 2-орынға жайғасты. 4 кезеңнің нәтижесінде Арыс жастарынан құралған «Айсберг» командасы сайыс жеңімпазы атанды. Байқаудың жеңімпаздарына «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының төрағасы Жансерік Жұман және Арыс қалалық партия филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков Алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табыстады.

Айта кетейік, 1 орын жеңімпазы атанған «Айсберг» Арыс жастар командасы облыстық ақтық сайыста Арыс қаласының намысын қорғайтын болады.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстың филиалының баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ