«AMANAT» партиясы ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында семинар өткізді

«AMANAT» партиясы қала және ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында Halyk Bank-пен бірге «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның негізгі мақсаты – жеке тұлғалар арасында проблемалық берешегі бар адамдардың қаржылық сауатын арттыру.

“Қарызсыз қоғам» оқыту семинары Қарнақ, Хантағы,ауылдарында өткізіліп,

Кентау қаласындағы “Жастар Орталығында” жалғасын табуда. Ал, 15-19 шілде күндері Ащысайлықтар қаржылық сауаттылығын арттырды. Семинарға 55 адам қатысып, оқудан алған әсерлерімен бөлісті және дәрістен маңызды, пайдалы ақпараттар алып, алдағы уақытта сол білімдерін өмірде қолданатындықтарын айтып, алғыс жеткізді. “Қарызсыз қоғам” жобасы арқылы қаржылай сауаттылығын арттырғандарын жеткізді.

Семинар соңында Кентау қалалық партия филиалының төрағасы А.Басаров, Ащысай ауылының әкімі Ж.Байкөбеков және қаржы сарапшысы Ж.Әзімбай оқуға қатысқандарға сәттілік тілеп, сертификат табыстады.

Айта кетейік, аталған оқу семинары Кентау қаласында жалғасын табады.

“AMANAT” партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ