Алматыдағы жер сілкінісінің күші 3 балға жетті
Бұл туралы Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
“ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 25 ақпанда Алматы уақытымен 10 сағат 14 мин жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында (Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 261 км жерде) орналасқан. Сезілетіндігі туралы мәліметтер (MSK-64 шкаласы бойынша): сезілетін Алматы қ. 3 балл, – деп хабарлады ТЖД.