Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Қарағанды ​​облысында белгілі кәсіпкер жол апатынан қаза тапты

 Қарағанды ​​облысында танымал кәсіпкер, Петр Васильченко жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ «Вечерний Караганда» басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 23 ақпанда Қарағанды-Балқаш тас жолының Ақшатау ауылының маңында болғаны хабарланды.

Петр Васильченко жүргізіп келе жатқан Mercedes Газельмен соқтығысқан. Мерседес көлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Оның әйелі ауруханаға жеткізілді, — делінген хабарламада.

Петр Васильченко Қарағандыдағы нан пісіретін «Орион» наубайханасының иесі.

Сонымен қатар, 2022 жылдың мамыр айында ол Ерлан Нығматулиннен «Балқаш Нан» нан зауытын сатып алған.

Қарағанды ​​облысының полиция департаменті бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын қосты. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сәйкес жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Көксай шағын ауданын жаңғырту тұжырымдамасы аясында алты отбасына жаңа пәтерлер берілді

admin

Шымкенттегі инвестициялық штабта жаңа жобалар ұсынылды

admin

Кентау қаласында №5 жылу орталығында қысқы маусымға дайындық жұмыстары жүргізілуде

admin