Алматыда өрт сөндірушілері жаңа ғимаратта жарылыстың алдын алды

 Алматы қаласының өрт сөндірушілері жаңа ғимаратта жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматыда Бостандық ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында құрылыс қоқысы өртенді. Өрт шыққан үй-жайдан өрт сөндірушілер қауіпсіз жерге бір газ баллонын алып шығарды.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер шақырылған сәттен бастап 14 минут ішінде 8 ш.м. алаңдағы өртті жойды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі – өрт жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу.

ПІКІР ЖАЗУ